"Наурыз" бағдарламасы бойынша ипотекаға өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады

Фото: pixabay.com
"Отбасы банк" мерекелік демалыс күндері "Наурыз" бағдарламасы бойынша ипотекаға өтініш қабылдау уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Отбасы банк" баспасөз қызметінің хабарлауынша, өтінішті тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.
Отбасы банк "Ұмай" әйелдер ипотекасын қашан іске қосады
"2026 жылдың 21-25 наурызы – Наурыз мерекесіне байланысты мерекелік күндер болып саналады, сол себепті бұл күндерде бағдарламаға өтініш қабылданбайды. Өтініш беруді алдын ала жұмыс күндерінде жоспарлап, бүкіл процесті тыныш және асықпай өтуге кеңес береміз. Егер өтінішті алғаш рет беріп жатқан болсаңыз, біздің парақшамызда арнайы нұсқаулық ұсынылған. Нұсқаулық бойынша өтінішті тез әрі қатесіз толтыра аласыз", – деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, “Отбасы банк” қазақстандықтарға тұрғын үй сатып алу үшін 6 ай күту талабын алып тастау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Егер бұл өзгеріс енгізілсе, азаматтар бұрынғыдай пәтер ақшасын 50% құйып, бірден сатып алу процесін бастай алады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев