Қазақстанда мобильді қосымша арқылы аударым жасаған кәсіпкерлерге салық салынады
Қазақстанда кәсіпкерлерге мобильді қосымшалар арқылы картадан картаға жіберілетін ақша аударымдарына салық енгізу жоспарлануда. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сонымен қатар, кәсіпкерлердің тұтынушылардан банктік мобильді қосымшалар арқылы алатын ақша аударымдарын фискализациялау мәселесін шешуге баса назар аудару қажет. Біз қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуы жақсы қарқынмен жүріп жатқанын көріп отырмыз, олардың саны екі есеге артқан. Бірақ, мобильді қосымша арқылы ақша айналымын жүзеге асырып отырған кәсіпкерлер де салық төлеуі керек", - деді Әлихан Смайылов қаржы министрлігінің алқа отырысында.
Ол салық салу қазіргі кезде кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктерді ескере отырып жүргізілуі керек екенін атап өтті.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан