Қазақстанда министрлікке үміткерлер үшін жаңа талап енгізілді
Қазақстанда министр лауазымына кандидаттарды келісудің жаңа форматы енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Хабарламада көрсетілгендей, енді министр лауазымына үміткерлердің барлығы мәжілістің бейінді комитеттерінің мүшелеріне саланы дамыту бағдарламасын ұсынады.
Сонымен бірге, депутаттар басталған барлық мемлекеттік бағдарламалар аяқталуы үшін үміткердің жұмысының сабақтастығын қамтамасыз етуіне ерекше назар аударуға ниетті.
Бұған дейін Бағдат Мусиннің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалғаны белгілі болды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”