Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан металл қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі "Темір сынықтары мен түсті және қара металл тасымалындағы кейбір сұрақтар жайлы" заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

металл

"Қазақстан Республикасы аумағынан көлікпен темір сынықтары мен түсті және қара металлдың, өңделген қорғасынды аккумулятор мен аккумулятор қалдықтарын, бұрын қолданыста болған құбыр, рельс, жылжымалы құрам және теміржол бөліктерін шығаруға 6 айға тыйым салынады", – делінген құжатта. 

Алайда бұл тыйым қосындыланған және коррозияға берік болатқа, сонымен қатар жөндеу жұмыстары үшін ел аумағынан шығарылған және кіргізілген жылжымалы құрамға қатысты емес. 

Бұйрық 2021 жылдың 19 қазанында күшіне енеді. 
 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 11 Қазан, 2021 15:33
Талқылау