Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда мешіт салудың арнайы ережесі бекітілді
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ел аумағында мешіт салудың ережесін бекітті. Яғни бұдан былай мешіт салғысы келгендер мүфтият бекіткен талаптарды сақтауы тиіс.
Ендігі мешіттер келетін жамағаттың санына байланысты үш деңгейде салынатын болады. Осылайша, ауылдық мешіттер 70-тен 500 адамға, аудандық мешіттер 500-ден 1 000 адамға, ал облыстық әрі қалалық мешіттер 1000-нан 5 мың адамға арналуы тиіс, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.
Сонымен қатар мешіттердің құрылысы бұдан былай заманауи талаптарға сәйкес жүргізілуі керек. Ал мешіттің күмбезі, мұнарасы, іші мен сырты жергілікті дәстүрге сай безендірілуі қажет.
Айта кетсек, бүгінде елімізде 2 626 мешіт бар екен. Олардың 38-і өткен жылы пайдалануға беріліпті.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ