Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге, полицейлер мен әскерилерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлердің, әскери қызметкерлердің, полиция қызметкерлерің мен құтқарушылардың ойын орындарына баруына тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Жаңа құжат президенттің бұған дейінгі кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізді.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 жарлыққа жаңа тармақ енгізілді. Жаңа тармақта “қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші ойын мекемесіне барудан тартынуы тиіс” делінген.

"Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлыққа да өзгеріс енгізілді.

"Құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қаңтардағы №81 жарлыққа жаңа тармақ енгізілді. Жаңа тармақшаға сәйкес құқыр қорғау органдары қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы қажет. 

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Талқылау