Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгереді
Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін өзгерту жоспарлануда. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол 2020 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерін жетілдіру бойынша жаңа тәсілдер таныстырылғанын хабарлады. Оның айтуынша, ел президенті бастаманы қолдаған.
"Бұл тәсілдерді еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенге дейін (2021 жылғы 1 шілдеге дейін) пилоттық режимде сынақтан өткізу жоспарланған. Тұтастай алғанда, тәсілдер мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін және факторлық-балдық шкаланы синхрондауды көздейді, іріктеу құралдарының мазмұны қайта қаралды. Бұл ретте процестің үш сатылығы сақталды: тестілеу, құзыреттерді бағалау, сұхбаттасу. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамын күшейтуге ықпал ететін болады", - деді агенттіктің алқа отырысында Анар Жайылғанова.
Сондай-ақ, агенттік басшысы 2020 жылы жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеуді көздейтін жарлық қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл талаптар тиісті білімді, жұмыс тәжірибесі мен құзыреттілікті қамтиды.
"Кәсіби даярлықтың тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін агенттік жанындағы үйлестіру кеңесі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың тізбесін айқындайтын болады. Сонымен қатар 2020 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың құнын есептеудің бірыңғай әдістемесі бекітілді", - деп толықтырды Жайылғанова.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
