Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік филармонияның бұрынғы басшысы миллиардаған қаржыны жымқырған

Экономикалық тергеу қызметі жедел уәкілдердің қандай қылмыстық істерді тергеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бейсембинге, оның орынбасары Дәуленбаеваға, сондай - ақ жалған шарттар жасасу арқылы 450 млн теңгеден астам ұрлық жасады деген күдікке ілінген азамат Лисовойға қатысты іс тергеліп жатыр", - деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов.

Сонымен қатар, елорда сотында мемлекеттік академиялық филармонияның бұрынғы директорына (бұрынғы Конгресс-Холл) қатысты қылмыстық іс қаралуда, ол, тергеу мәліметтері бойынша, қол астындағылардың ішінен қылмыстық топты ұйымдастырған. Олар 1,8 млрд теңгеден астам қаражатты ұрлаған.

Ал Павлодар облысында шаруа қожалықтарының "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға субсидия түрінде бөлінген 233 млн теңге жымқырғаны анықталды. Тергеу барысында күдіктілер 96 млн теңгеден астам қаржыны өтеген.

"Жүргізілетін жедел алдын алу шараларының тиімділігін ескере отырып, жақын арада мұнай мен мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына, сондай-ақ капиталды шетелге заңсыз шығаруға қарсы іс - қимыл бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын іске қосу жоспарлануда", - деді Жанат Элиманов.

Талқылау