Қазақстанда мектеп сөмкесін қалай таңдау керек: Маман кеңесі
Фото: ali-sale.ru
Дұрыс таңдалған сөмке баланың денсаулығын сақтап, арқаға түсетін салмақты азайтады. Мамандар бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін сөмке таңдауда басты өлшемдерге назар аударуға кеңес береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандар сөмкенің арқалығы міндетті түрде қатты және формасын сақтайтын болуы керек дейді. Мұндай арқалық баланың арқа сүйеуін дұрыс қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сөмкенің ені баланың иығынан кең болмауға тиіс, әйтпесе салмақ дұрыс бөлінбейді. Ұзындығы белге дейін жетіп, одан төмен түсіп кетпеуі керек.
Мектеп сөмкесінің салмағы баланың жасы мен сыныбына сай болуға тиіс. Ұсынылатын салмақ мөлшері төмендегідей:
• 1-2-сынып – 1,5 келіден артық емес
• 3-4-сынып – 2 келіден артық емес
• 5-6-сынып – 2,5 келіден артық емес
• 7-8-сынып – 3,5 келіден артық емес
• 9-11-сынып – 4 келіден артық емес
Бұл ережелерді сақтау баланың омыртқасына түсетін жүктемені азайтып, денсаулығын сақтауға көмектеседі.
Маман сонымен қатар жолда қауіпсіздік үшін жарық шағылыстыратын элементтері бар сөмкелерді таңдауға кеңес береді. Мұндай элементтер жүргізушілерге баланы қараңғыда алыстан көруге мүмкіндік береді және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.
2025-2026 оқу жылындағы демалыс күндері белгіленді
Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ресми түрде оқу жылы 2 қыркүйекте басталады. Алайда мектептер 1 қыркүйекте салтанатты жиын өткізуді қаласа, ондай мүмкіндік беріледі.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
