Қазақстанда мектеп дәретханалары жабық кабиналар және қағазбен жабдықталмақ
Қазақстандағы білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға түзетулер енгізуге қатысты заң жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
“...Дәретханалар, қолжуғыштар, қол жууға және кептіруге арналған құралдар, дәретхана қағазы, дәретхана қағазын ұстағыштар, қоқыс жәшіктері. Мектепалды даярлық сыныптары үшін балалар дәретханалар орнатылады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған дәретхана есіктері құлыпталатын жабық кабиналарға орналастырылады”, – делінген құжатта.
Түзету жобасы ата-аналардың шағымына байланысты дайындалған. Ата-аналар дәретхананың құлыпталмайтынын, дәретхана қағазының жоқтығын айтып шағымданған болатын.
"Бұл талаптар қатаң талаптар емес, нақтылау үшін ұсынылуда. Бұл ұсыныстар халықаралық мектеп стандарттарын, сондай-ақ ДДҰ-ның тиісті талаптарын ескере отырып дайындалды", - делінген ақпаратта.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн