Қазақстанда мәжілістің екі депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы мәжілістің екі депутатының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері бейнеконференциялық байланыс арқылы өткен отырыста Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаттары Каменов Файзолла Кәменұлы мен Решетников Сергей Николаевичтің өкілеттіктерін тоқтатуға әкеп соқтыратын негіздердің туындауы туралы қаулылар қабылдады.
Белгілі болғандай, депутаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген.
Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің қарауына депутаттар Файзолла Каменов пен Сергей Решетниковтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныстар енгізіледі.
Файзолла Кәменов мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің, Сергей Решетников халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”