Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда блогерлерге қатысты жауапкершілікті қатаңдату жоспарланып отыр

лотореяФото: istockphoto.com

Қазақстанда лотереяларды өткізу тәртібін заңнамалық деңгейде өзгерту және блогерлердің жауапкершілігін қатаңдату жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенаттағы брифинг кезінде Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Қазір осы мәселеге қатысты басқа мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинап жатырмыз. Кейін оларды Үкіметтің қарауына, содан соң Мәжіліске ұсынамыз",  – деді Елемесов.

Оның айтуынша, мәселе қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы болып отыр. Бұл шара бұрын қаржы пирамидаларының жарнамасына қатысты қабылданған түзетулерге ұқсас.

"Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Сол сияқты, дәл осындай жауапкершілікті осы жағдайда да қарастыру мәселесі талқыланып жатыр", - деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейні Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желілердегі алаяқтық жолмен ұтыс ойындарын ұйымдастырған блогерлер қанша табыс тапқанын әшкерелеген болатын.  Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Жанәбіловтерге қатысты қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 12:36
Талқылау