Қазақстанда локдаун қашан енгізіледі: Министрлік айтып берді
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов елімізде локдаун енгізу туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр журналистердің "Елімізде локдаун қашан енгізіледі" деген сұрағына жауап берді. Қиясовтың сөзінше, қазір бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Еліміздегі жағдай тұрақты болғандықтан, катаң карантин енгізу айтарлықтай маңызды емес.
"Локдаун туралы мәселе қарастырылмады. Негізінде қазір қызыл аймаққа кірген екі өңір ғана бар. Басқа өңірлер сары мен жасыл аймақта. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз жағдай нашарламайды деген үміттеміз", - дейді Қиясов.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді