Қазақстанда лимон рекордтық деңгейде қымбаттады
Фото: pixabay.com
2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша, наурыз айымен салыстырғанда Қазақстанда лимон бағасы 7,1%-ға өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші несиелік бюроның ақпаратына сәйкес, бұл 2021 жылдың тамыз айынан бері бір ай ішінде тіркелген ең жоғары өсім. Ол кезде лимон бағасы бір айда 10,5%-ға артқан еді, ал 2020 жылдың сәуірінде бұл көрсеткіш 50,1%-ды құрады.
Сарапшылар пікірінше, бағаның өсуіне Украинадағы соғыс қимылдарының басталуы, логистиканың тоқтап қалуы себеп болған.
Сырт киім мен іш киім қымбат: Қазақстанда киім бағалары айтарлықтай өсті
Лимон бағасы өткен жылдың тамыз айынан бері, тоғыз ай қатарынан өсіп келеді. 2024 жылдың қазан айында Қазақстанда өндірілмейтін жеміс-жидек пен көкөніс бағасының өсетіні туралы вице-премьер Серік Жұманғарин ескерткен еді. Мұның себебі – валюта бағамының ауытқуы.
Ал 2025 жылдың сәуір айында Түркия лимонның аз өнім беруіне байланысты лимон экспортын уақытша тоқтатты. 2024 жылы Түркия Қазақстанға лимон жеткізу бойынша екінші орында тұрған ел.
Еске салсақ, әлемдегі ең танымал сусынның бағасы рекордтық деңгейде өсті.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
