Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда LEGO құрастырғыштары жаппай сөреден алынып жатыр: Ойыншықтарды жоюға өндіруші компанияның өзі өтініш білдірген

Тәркіленген ойыншықтарФото: polisia.kz

Еліміз бойынша жүздеген атақты ойыншық жиынтығын жою жоспарланған. Өндіруші – LEGO Holding A/S компаниясы нарықта жалған тауардың қаптап кетуіне орай тексеріс жүргізуге бастама көтерген. Киберқылмыспен күрес бөлімі мен әділет департаментінің бірлескен операциясы кезінде LEGO сауда белгілерін заңсыз пайдалану фактілері анықталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, Қарағандыдағы қоймалар мен дүкендерге жүргізілген рейд нәтижесінде құны 1 миллион теңгеге жуық 175 жалған LEGO жиынтығы тәркіленген. Сараптама өнімдердің сапасыз еліктемесі екенін, өндіруші туралы ақпарат жоқ екенін және жалған жиынтықтардың түпнұсқалығы LEGO өнімдерінің стандарттарына сәйкес келмейтінін көрсеткен. Тәртіп бұзушылардың үстінен іс қозғалды.

Жалған құрастырғыштар Алматыдан да табылған. Онда сатуға дайындалған мыңнан астам жиынтық тәркіленді. Мамандардың айтуынша, конструктор сапасыз болып шыққан және таңбаланбаған, өндіруші туралы ақпарат та көрсетілмеген. Елімізде тәркіленген ойыншықтардың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты. Енді жалған LEGO жойылады, қазір оны өндірушілер іздестіріліп жатыр.

Полиция зияткерлік меншік құқығын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Аида Тақабаева
Жұма, 08 Тамыз, 2025 09:17
Талқылау
`