Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құтқарушылардың зейнетке шығу жасын төмендету ұсынылды

Мәжіліс депутаты Сергей Решетников құтқарушылардың зейнет жасын қайта қарау туралы ұсыныспен жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"26 тамызда оқ-дәрілер жарылған Қорғаныс министрлігінің 28349 әскери бөлімінің қоймасында болған оқиға азаматтық қорғау офицерлерінің қызметі қаншалықты қауіпті екенін тағы да дәлелдеді. Өрт сөндірушілер алғашқылардың бірі болып өртті сөндіру үшін төтенше оқиға орнына аттанды. Азаматтық қорғау органдарының 9 қызметкері қайтыс болды, 49-ы түрлі дене жарақаттарын алды. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары үнемі сұранысқа ие және тәулік бойы кез келген жағдайға дайын тұрады. Жаһандық және аймақтық масштабтағы төтенше жағдайларды жоюдың жоспарлары, өрт сөндіруді ұйымдастыру ережелері бар екені анық. Қиын жағдайда, бірақ мамандарға жүктелген міндеттерден басқа, тағы бір міндет бар және менің ойымша, ең маңызды міндет персоналдың өмірі мен денсаулығына қауіпті төмендету", – деді Решетников.

Мәжілісменнің айтуынша, ел тәуелсіздік алған жылдары 63 қызметкер қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан, 155-і түрлі дене жарақаттарын алған.

Төтенше жағдайлар министрлігінде материалдық-техникалық құралдардың, өрт сөндіру-құтқару құралдарына қатысты бірқатар мәселелерін дер кезінде шешіп, ауыр маман иелеріне жеңілдік қарастырылуы керек екенін алға тартты ол. 

“Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіпті төмендету бойынша шаралар қабылдауға, қолданыстағы жол карталары шеңберінде қолданыстағы өрт-құтқару құралдарын, өрт-техникалық жабдықтарды жаңарту немесе оларды заманауи үлгілермен алмастыру бойынша шараларды қайта қарау мәселелерін аумақтық бөлімшелерге тапсырамыз. Әлеуметтік қорғауды жақсарту және азаматтық қорғау қызметкерлерінің материалдық қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру, құтқарушылардың зейнетке шығу жасын қайта қарау, оның ішінде олардың аттестациясын ескере отырып, қызметкерлердің ауысу себептерін тоқтату және кәсібилікті арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау қажет”, – дейді ол. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 08 Қыркүйек, 2021 12:40
Талқылау