Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталады

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталады. Бұл туралы апта басында өткен аппараттық кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әскер

Қарулы күштерде қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Әскер қатарына жаңадан қабылданғандармен жұмыс істейтін лауазымды адамдардан тұратын әкімшілік бөлімшелердегі оқу процесін жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін қабілетті, даярланған офицерлер мен келісімшарт бойынша сержанттар тағайындалуы тиіс.

Азаматтарды мерзімді қызметке шақыру жөніндегі барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылмақ.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жас буынды шақыру басталғанға дейін казармалық-тұрғын үй қорын, монша, кір жуу комбинаттарын, асханалар мен оқу-материалдық базаны қалыпқа келтіруді тапсырды. Әскери қалашықтарға жағдай жасау, әскери қызметшілердің өмірі мен тұрмысын ұйымдастыру, казармалық қорды жөндеу сынды әлеуметтік мәселелерді шешу қорғаныс министрінің ерекше бақылауында. 

Сонымен қатар, өткен аптада Қарулы Күштер қатарын кәсіби кадрлармен толықтыру мәселесін жалғастыру үшін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскери оқу орындарына іріктеу жүргізілді.

Айта кетейік, аппараттық кеңес барысында әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі туралы жедел ақпарат берді.

Бұдан басқа кеңесте ҚР президенті – ҚР Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы тапсырмаларын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр