Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты жауын-шашын мен көктайғақ болады": Cиноптиктер ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" РМК 9-11 ақпанға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын айтады. 

"Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон жырасының ықпалымен; солтүстігінде және солтүстік-батысында Салехард аумағынан келетін циклон жырасына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар жауады деп болжанады. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ел бойынша тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады және жел күшейеді.

"11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, онымен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және түнгі температура 8-21 аязға дейін төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Талқылау