Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды: Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Қазгидромет 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Күндіз 3 тамызда Ақмола облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан: күндіз 3 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Көкшетау қ: күндіз 3 тамызда 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.
3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.
3 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%
Күндіз 3 тамызда Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қ: күндіз 3 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%
Күндіз 3 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35-36 градус
сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 03 тамызда қатты ыстық 35-36 градус күтіледі.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
