Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кредиті мен депозиті барларға атаулы әлеуметтік көмек бермеу ұсынылды

Фото_ Екатерина Сычкова © URA.RUФото: Екатерина Сычкова © URA.RU

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек беру ережелерін қатаңдатуды көздеп отыр. Қазір атаулы әлеуметтік көмек табыс көлеміне қарай тағайындалады, бірақ азаматтардың шығыстары толық ескерілмейді. Салдарынан кейбір мұқтаж адамдар көмек ала алмайды, ал кейбір ауқатты отбасылар керісінше жәрдемақы алып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік дерегінше, 2024 жылы 3 мыңнан аса отбасы жалған ақпарат берген, 400-ден астам отбасы табысын жасырған, ал 6 мыңға жуық отбасы тұрмыстық жағдайын тексеруге рұқсат бермеген.

Сондықтан жаңа талаптар ұсынылды. Егер отбасы

  • ипотекадан басқа ірі несие немесе микрокредит алса;
  • банк шотынан кедейлік шегінен асатын қаражат жұмсаса;
  • 200 АЕК-тен көп депозиті болса, мұндай жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. 
  • Сондай-ақ бір отбасыға бір ғана көлік рұқсат етіледі (көпбалалы немесе мүгедек баласы бар отбасыларға екі көлікке дейін).

Министрлік бұл шаралар көмекті шын мәнінде мұқтаж жандарға бағыттауға көмектеседі дейді. Дегенмен өзгерістер азаматтардың несие алуына, ақша жинауына және қолма-қол қаражатқа көшуіне кері әсер етуі мүмкін.

2024 жылы айлық есептік көрсеткішке қарай 78 мыңнан астам отбасыға, яғни 413 мың адамға берілген.


Салық пен айыппұл көлемі артады: Қазақстанда 2026 жылға арналған жаңартылған АЕК мөлшері аталды


2026 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға салықтан жеңілдік болмайды


Еске салайық, Қазақстанда кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатынын жаздық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 6 баладан аз отбасы мемлекеттік төлемнен қағылады деген ақпаратты жоққа шығарған еді. Министрліктің айтуынша, өзгерістер тек тұрмысы жақсы, табысы жоғары және бірнеше үйі мен көлігі бар көпбалалы отбасыларға қатысты болмақ. Ал көпбалалы ана мәртебесіне байланысты берілетін негізгі төлемдер бұрынғыдай сақталады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 13:58
Талқылау