Қазақстанда көзді үлкейту операциясы сәнге айналды
Жапония мен Кореядан кейін көзді үлкейтуге арналған операция Қазақстанда да сәнге айналды. Бір қызығы, мұндай отаны тек әйелдер емес, ерлер де жасататын болған.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Мына суретте отаға дейінгі және кейінгі Айнұр Рай. Бойжеткен табиғатынан қысыңқы көздері үшін әркез өзіне өзі сенімсіз болғанын айтады. Ол, тіпті опа-далаптың көмегімен өзі қалайтындай көз жанарға қол жеткізе алмаған. Ақырында ол қабағына ота жасатуға бел буған.
«Көздерім ыңғайсыздық тудырды дей алмаймын, тек аздап жайсыз сезінетінмін. Мүмкіндік бар болса, неге түр-әлпетті өзгертпеске? Менің көптеген таныстарым бұл операцияны жасатты. Оларға қарап, нәтижеге көңілім толды», – дейді Айнұр Рай.
Қазіргі уақытта бұл процедура Қазақстанда да белең алып барады. Тіпті, нағыз трендке айналды деуге болады. Көбінесе еуропалық типті тұнық көзді армандайтын азиялық келбетті қыздар пышақтың астына жатады екен.
Бір ғана Жапонияда жылына 200 мың ота жасалады. Әсіресе, Қытай, Оңтүстік Корея елінде қабағын өзгертетіндер жиі ұшырасады. Сондай-ақ, АҚШ, Ресей және көпұлтты еуропалық мемлекеттерде де пластиканың бұл түрі танымалдылыққа ие болуда.
«Қазақстандық қыздар да, француздар мен ресейліктер ұқсап жас әрі сұлу болып көрінгісі келеді. Кейбіреулер тумысынан бар патологияларды өзгертуді қалайды. Айтарлықтай ештеңе жоқ. Олар тек әдемірек болғысы келеді», – дейді Игорь Богин.
Жіберіп алмаңыз:
Сарып (бруцеллез) ауруы дер кезінде емделмесе, мүгедек ететін дерт
Дәрігер: Масаларды улауға қолданылатын дәрілердің өзі аллергия туғызады