Ішкі істер министрлігі Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 710 тәжікстандық жауапқа тартылғанын мәлімдеді
Сенат қабырғасында өткен брифингте ішкі істер вице-министрі Қазақстанда қанша өзбекстандық мигрант бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/KZgovernment
Жыл басынан бері елге 1 миллион 73 мың өзбекстандық кіріп, оның 982 мыңы қайта шыққан. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеа осылай деп мәлімдеді.
“Былтыр 5 миллион 396 мың Өзбекстан азаматы Қазақстанға кіріп, 5 миллион 373 мыңы шыққан. 411 мың азамат уақытша есепке алынды. Оның 376 мыңы жұмыс барысымен келген. Негізінен көп бөлігі транзитке тиесілі, яғни біздің ел арқылы көрші елдерге өтеді”, – деді вице-министр.
Лепеханың сөзінше, өзбекстандықтар Қазақстанға негізінен құрылыс, тағы басқа біліктілігі төмен жұмыстар істеу үшін келеді.
Тілшілер елге келген Тәжікстан азаматтары қанша екенін сұрады.
“Жыл басынан бері 218 500 Тәжікстан азаматы келген. Кеткендер саны – 213 726. Қазір 37 060 азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған, 710 тәжікстандықты жауапқа тартып, 195 адамды елден шығарып жібердік”, – деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ішкі істер министрінің орынбасары миграция бойынша топ-5 елді айтып берді. Олар: Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ҚХР.
Биыл көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9800 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 1000 адам елден қуылды. Көші-қон заңнамасын бұзғандардың көп бөлігі – Өзбекстан азаматтары. Одан кейінгі орындарда Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстан тұр.
Бұған дейін Көкшетау вокзалында көші-қон заңнаманы бұзғаны үшін Пәкістанның бес азаматы ұсталған еді.