Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың үнді штаммы анықталды ма: Министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың Үндістандық штаммы анықталмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

"Енді Үндістанмен барлық тікелей рейстерге тыйым салынады. Сонымен қатар, бас дәрігердің ПТР теріс болса да, Үндістаннан келетіндердің барлығы оқшауланып, 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болуы керек деген жарлығы бар. Енді елге коронавирусты анықтайтын ПТР тестінің нәтижесінсіз келуге тыйым салынды ", - деді Алексей Цой.

Министр елімізде вирустың жаңа штаммдары тіркелмегенін мәлімдеді. 


Қазақстан не себепті бірнеше есе қымбат шетелдік вакцинаны алып жатыр: Цой түсіндірді


"Қазіргі уақытта Қазақстанда үнді штаммдары анықталған жоқ. Біз күнделікті зерттеу жүргізіп отырамыз", - деп түсіндірді ол.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Мальдив аралдарына ұшатындарға да дәл осындай шектеулер қойылатынын айтты. 

"Мальдив аралдарында мыңға жуық азамат бар. Біз бұл тараптан барлық рейстерге толық шектеу енгіздік, өйткені біз үнді штамдарының Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек", - деді ол.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 20 Мамыр, 2021 11:42
Талқылау