Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды ма: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев онлайн-брифинг барысында журналистердің коронавирустың екінші толқынына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Байтанаев ел аумағында вирус жұқтырғандар саны өсіп жатқанын жасырмады. Алайда, ол бұл жағдайды коронавирустың екінші толқыны деп атамайтынын айтты. 

"Дүниежүзінде коронавирустың екінші толқыны басталды деп хабарланды. Соңғы екі аптада да Қазақстан аумағында ауру саны өсіп жатыр. Коронавирустың екінші толқыны басталды, басталмады деп айту қиын. Алайда, ауру саны өсіп жатыр. Біз қазір ауруға шалдыққандарды емдеп жатырмыз. Екінші толқын дүниежүзінде басталғанымен, көптеген өңірлерде тұрақтылық байқалғандықтан, екінші толқын басталды деп айту қиын", - дейді Байтанаев. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлағаны туралы айтқанбыз. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр