Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустың "Цербер" жоғары жұқпалы штаммы анықталды

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда "Омикрон" штаммы нұсқасының BQ1.1 ("Цербер") түрі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Цербердің" осы уақытқа дейін 0,5% сынамасы анықталды.

"Цербер" штаммы инфекциясы жоғары және денеге тез бейімделеді.

Қараша айында қазан айымен салыстырғанда ауру 1,6 есе өсті (аптасына 453-тен 725 жағдайға дейін).

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова атап өткендей, Covid-19 тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбісі медициналық көмекке жүгінбей-ақ шыдайды.

Барлық өңірлерде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші бірден жоғары, бұл вирустың халық арасында белсенді таралуын көрсетеді.

Соңғы айда еліміздің үш өңірінде (Алматы, Астана және Қарағанды облысы) ауру апта сайын 2,2 есеге дейін өсті.

Бес өңірде (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Шымкент) соңғы аптадан бастап сырқаттанушылықтың аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсуі байқалады.

Өңірлерге 12 жастан асқан адамдарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін АҚШ-тан Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.

Талқылау