Қазақстанда коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны күрт өсті: Министрлік түсіндіріп берді
18 тамызда тәуліктік коронавирустық пневмония жағдайларының күрт өсуін денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық пневмониямен ауыратын мыңнан астам науқас анықталды. Егер 17 тамызда дәрігерлер пневмония диагнозын тек 67 қазақстандыққа қойған болса, 18 тамызда олардың саны 1081 болды.
"Коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастарға арналған көрсеткіштерде күрт өзгерістер болуы қалыпты. Аптаның басында мұндай секірулер болуы мүмкін. Дәстүр бойынша, көптеген азаматтар ауру белгілері бар болса да, медициналық ұйымдарға баруды кейінге қалдырады. Сонымен қатар, емханалар сенбі-жексенбіде жабылады. Сондықтан көпшілік дүйсенбі-сейсенбіде келеді", - деп түсіндірді Бағдат Кожахметов.
Оның айтуынша, күнді емес, апта бойынша салыстырған дұрыс. Қожахметов күрт өзгерісті карантиндік шектеулерді жеңілдетумен байланыстыруға асықпауды өтінді.
"1 тамыздан бастап екі толық апта өтті, біз аурудың төмендегенін көреміз. 17 тамызда карантин шаралары жұмсартылды, бірақ карантиннің өзі жалғасуда. Келесі аптаның басында біз нәтижелерін байқайтын боламыз", - деп түсіндірді ол.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі жаңа жұқтырғандардың саны азайғанын мәлімдеген болатын.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
