Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырған 800 адам тіркелді

Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырған 800-ге жуық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлімдеді. 

"Бүгінгі күні зерттелген материалдар бойынша, статистикалық мәліметтерге сәйкес, коронавирусты қайта жұқтырған науқас ретінде 800-ге жуық адам тіркелген. Бұл науқастардың әрқайсысын эпидемиологтар зерттейтін болады, кеңес өткізіледі. Қорытынды ақпарат туралы кейінірек хабарлаймыз", - дейді Ахметова.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова республикада коронавирусты қайта жұқтырудың екі жағдайы ресми түрде расталғанын хабарлады. Бұл жаңа штамдардың пайда болуына байланысты екенін айтқан болатын.

Оның айтуынша, мұндай жағдайларды дәрігерлер кеңесі растайды. Қазір клиникалық хаттамаға "қайта инфекция" ұғымы енгізілген.

Талқылау