Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан тәулігіне 10 адам, пневмониядан 20 науқас көз жұмады

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан көз жұмғандар туралы деректі аптасына бір рет хабарлап отыратын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі онлайн брифинг барысында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде соңғы үш күнде коронавирустан көз жұмғандар туралы статистика жаңартылмай жатыр. Денсаулық сақтау министрі агенттік коронавирус инфекциясы бар пациенттер туралы статистикаға көзқарасты өзгертетінін түсіндірді. Оның айтуынша, өлімнің себебін анықтау үшін бірнеше күн қажет, сондықтан мұндай ақпараттарды бар болғаны апатасын бір рет қана беріп отырады. 

"Қазір біз мұны апта сайын береміз деп жоспарлап отырмыз. Яғни, бір апта ішінде науқастар туралы ақпарат ресми ресурстарда жарияланады. Сонымен қатар, біз күнделікті көрсеткіштерді қадағалап отырамыз, тұрғындар үшін біз апта сайын бірыңғай түрде есеп береміз", - деді Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте коронавирустық инфекциядан 10 пациент және пневмониядан 20 науқас қайтыс болды. Сондай-ақ, елде күніне 127 пневмония анықталған. 

Талқылау