Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны қайтадан өсіп жатыр

23 және 29 қараша аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 44 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйене отырып. 

Министрліктің мәліметінше елімізде коронавирус қайта өршіп жатыр. Бір аптада көз жұмған  44 адамның басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелгені белгілі болды. 

Нұр-Сұлтан қаласы - 6
Алматы қаласы - 8
Шымкент қаласы - 1
Ақмола облысы - 2
Алматы облысы - 1
Атырау облысы - 2
Шығыс Қазақстан облысы - 11
Батыс Қазақстан облысы - 6
Қостанай облысы - 1
Маңғыстау облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Қазақстанда барлығы 2034 адам қайтыс болды.

STAN.KZ
Жұма, 04 Желтоқсан, 2020 13:26
Талқылау