Қазақстанда коронавирустан бір аптада 30 адам көз жұмды
Қазақстанда 4-10 қаңтар аралығында коронавирустан 30 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВАК-қа сілтеме жасай отырып.
Бұл ретте коронавирустан болған өлім-жітімінің көп бөлігі Алматыда тіркелді.
Бір апта ішінде өңірлер бойынша көз жұмғандар саны:
Алматыда - 8;
Нұр-Сұлтанда - 4;
Шығыс Қазақстан облысында - 4;
Алматы облысында - 4;
Атырау облысында - 3;
Ақтөбе облысында - 2;
Павлодар облысында - 2;
Батыс Қазақстан облысында - 1;
Қостанай облысында - 1;
Жамбыл облысында - 1.
Қазақстан бойынша барлығы коронавирустан 2 349 өлім тіркелді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”