Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа қарсы қытайлық дәрі-дәрмектерді сатқандар жаппай ұсталуда

Қызылорда облысында жеке тұлғалардың елімізде әлі тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сатып келгені анықталды. Құзырлы органдар соңғы бір аптаның ішінде облыс бойынша дәрі сату бизнесіндегі 10-нан аса заңсыздықты әшкерелепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

қытайлық дәрілер

Бұл арнайы мониторингтік топтың тексеру жұмыстары барысында тек қытай тілінде жазылған бірнеше қораптар бар. Ал ол қораптардың ішінде дәрілік заттар ма, әлде басқа ма ол жағы анықталып жатыр. Сонымен қоса кейбір жеке тұлғалар тұрғындарға уақыты өтіп кеткен дәрілерді де сатып келіпті. Қазір заң бұзған дәріханалар мен жеке азаматтарға әкімшілік іс бойынша айыппұл салынды. 


Коронавирусты алғашқы белгілерінен-ақ "жойып жіберетін" қытайлық препаратқа қатысты мамандар пікір білдірді


"Жеке тұлғалардан заңсыз сатып жатқан дәрілерді алмауға кеңес береміз. Себебі әрбір дәрілік заттың сақтау мерзімі, ережесі мен талаптары болады. Ал жеке тұлғалар дәрі саудасымен айналысқан бұл шарттарды орындамайды", - деді Қызылорда облысының тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева. 

Бұған дейін Атырауда коронавирустан емдемек болған жалған емші ұсталғаны жайлы айтылған еді. 

STAN.KZ
Жұма, 17 Шілде, 2020 21:38
Талқылау