AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Оқу басталғанына он күн болмай жатып, оқушылар жаппай COVID жұқтырып жатыр

Оқу жылының басталғанына он күн болмай жатып елде коронавирус жұқтырған оқушылар саны күннен-күнге көбейіп барады. Қазірдің өзінде Қазақстанда 914 оқушы қауіпті індетпен ауырып жатыр. Сөйте тұра әлі бірде-бір мектеп карантинге жабылған жоқ. Тек науқас анықталған сыныптардың оқушылары ғана онлайн оқуға көшкен. Бұған қоса, сырқаттанған ұстаздар да аз емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Сабақ басталып үлгермей жатып, Алматы облысының 301 оқушысы коронавирус жұқтырып ауырып қалды. Соның салдарынан 122 сынып карантинге жабылған. Қазір індет жұқтырған оқушылардың барлық сыныптастары, яғни 1500-ге жуық оқушы қашықтан оқуға жіберілді.

Оқушылар арасында індетке шалдыққандар, әсіресе Талдықорғанда көп. Облыс орталығында 80 оқушыдан COVID-19 анықталған екен. Аудан орталықтары, ауылдарда да жағдай мәз емес. Қазір қауіпті індет Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Талғар аудандарында да дендеп тұр. Ондағы 80-ге тарта оқушы ем қабылдап жатыр.

Қызылорда облысында дәл қазір 102 оқушы ауырып жатыр. Олардың ішінде 10 оқушы індетті мектепке барып жүргенде жұқтырған. Бірақ мамандар бұл балалар жұқпалы індетті білім ұясында емес, үйлеріндегі жандардан жұқтырған дейді. Сонымен қоса облыстағы мектептерде білім беретін 22 мұғалімнің Covid-19-ға шалдыққаны белгілі болған. Қазір мұғалімдері мен оқушыларынан індет анықталған сыныптар карантинге жабылып, оқушылар онлайн форматта оқып жатыр. Және сынып бөлмелеріне індетке қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді мамандар. 

Еліміздің солтүстігінде жаңа оқу жылы басталған он күннің ішінде толығымен карантинге жабылған мектептер жоқ. Бірақ қала мен ауылдарда 84 оқушыдан вирус анықталып, 22 сынып карантинге жабылған. Қазір балалар сабақты онлайн оқып жатыр. Оқушылардан бөлек, он тоғыз мұғалімнен вирус анықталған екен. 

“Мектеп жасындағы балалардың арасында 84 жағдай тіркелді. Олардың 22-і дәстүрлі форматта оқыған. Қалғандары жазғы демалыс кезінде ата-аналарынан жұқтырған болып шықты. Сондай-ақ төрт балабақша тәрбиеленушісі вирус жұқтырды”, – деді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Мамандар жағдай ушыға берсе оқушыларды үйден оқытамыз дейді. Ал әзірге балалар мен ата-аналарды сантиралық және карантин талаптарын сақтауға шақырады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр