Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылар көбейіп жатыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, ауырып қалған оқушылар көбейіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оқушылар арасында коронавирус жұқтырып, ауырып қалғандар көбейіп жатыр. Оқу жылының басынан бері 3 658 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдай тіркелді. Оның ішінде 994 оқушы кезекші сыныптарда оқыған, бұл дегеніңіз офлайн режимде оқып жатқан оқушылардың жалпы санынан 0,1 пайыз. Ал қалған 2 664 бала қашықтан оқиды", - деді Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингте.

Бүгінгі күні сауыққан адамдар 87% -ға дейін өсті, ал маусым-шілде айларында бұл пайыз 60% -дан аспады.

Біздің елде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Республика тәуекел деңгейі төмен аймақтан орташа тәуекел аймағына, яғни жасылдан сарыға көшті.

Атырау облысы жоғары қауіпті аймақта қалды және Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары "қызыл аймаққа" көшті.

"Сары аймақта" 3 аймақ бар. Солтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 152 460-қа жетті. 139 843 науқас жазылды, 2 196 адам қайтыс болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр