Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус тасымалдаушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Қазақстанда коронавирустың симптомсыз тасымалдаушылары егер олар үй карантинін бұзып, басқаларына ауру жұқтырса, қылмыстық жауапкершілкке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жөтел

Бұған қоса ол жұмыс беруші тарапқа үндеу жасады. Мәселен көптеген ұйым басшылары шетелден іссапардан немесе еңбек демалысынан келгендерді ПТР-тесттен өтуге мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Сөзінше, бұл жағдайлар бір ұжымдағылардың арасында індеттің таралуын тоқтатпайды екен. 

"Біз жұмыстан шыққаннан кейін басқаларымен үнемі байланыста боламыз: қоғамдық көлікте, дүкендерде, үйімізде және одан бөлек орындарда тұрғындармен қарым-қатынасқа түсеміз. Ауруға шалдығу қаупі үнемі болады. Алайда жұмыс беруші тараптың ПТР-тест нәтижесін талап етуі зертханалардағы жағдайды қиындатуда", - деді Есмағамбетова. 

Бұған қоса ол үй карантинін бұзып, басқаларына ауру жұқтырған коронавирустың симптомсыз тасымалдаушысы "індетті қасақана таратты" деп танылуы мүмкін екенін ескертті.  

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2020 18:32
Талқылау