Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам көз жұмды: 726 науқас анықталды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам көз жұмып, 726 науқаста инфекция анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі, 2020 жылғы 27 тамызда тіркелген
коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 558 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 355 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 24 101, 271 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 256 жетті.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 976 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. Стационарларда  4 548 науқас жатыр. 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.  
Жалпы науқастардың арасында 267 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 47 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр