Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды

25 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеп.

22 мамырдағы ақпарат бойынша 35 211 адам  короновирустан ем алып жатыр, оның ішінде стационарларда 12 822 пациент, амбулаториялық деңгейде – 22 389 пациент.

КВЭ+ және КВИ-мен ауырғандардың ішінде: 701 пациент ауыр хәлде,
172 пациент аса ауыр дәрежедегі жағдайда, 95 пациент ӨЖЖ аппараттарында.

Жанна Мәлік
Сенбі, 22 Мамыр, 2021 10:31
Талқылау