Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус басталғалы мамандарға жүгінетін психикалық ауытқуы бар адамдар саны артты

Денсаулық сақтау министрлігі "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" бөлімшесінің басшысы Бақытжан Нұралиев онлайн-брифинг барысында еліміздегі психолог мамандардың жұмысына тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Коронавирус пандемиясы аясына психологтың көмегіне жүгінетін адамдар саны күрт артқан. Оның сөзінше, пандемия адам психикасына кері әсерін тигізген. 

"Қазіргі уақытта пандемия кезінде республика халықтың психикалық ақуалының өзгеруіне баға беру әлі ерте. Аймақтық психикалық денсаулық орталығының жедел мәлметтерін, психологиялық көмек көрсету сайттарының жұмысын ескере отырып, психикалық ауытқуы бар адамдардың мамандарға жүгінуі көбейді деуге болады. Бұл алдын ала тұжырымдарда, халықаралық баяндамаларда расталады. Қызыл крест жүргізген сауалнамасында COVID-19 әр екінші адамның психикасына әсер еткенін көрсетті. 7 елдегі респонденттің жартысы яғни, 51 пайызы пандемия адам психикасына кері әсерін тигізді деп мәлімдейді. Бұл халықаралық Қызыл крест жүргізген сауалнама нәтижелері", - дейді Нұралиев. 

Еске салсақ, осыған дейін депутаттар коронавирус жұқтырған дәрігерлерге үстемақы беруді сұрады.

Талқылау