Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коммуналдық төлемдер ТМД елдеріне қарағанда арзанырақ

Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында коммуналдық қызметтері ең арзан елдер қатарында. Numbeo рейтингі бойынша 85 шаршы метр пәтер үшін электр қуаты, жылу, сумен жабдықтау және т.б негізгі қызметтердің құны елімізде айына небәрі 47 доллар тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда екі-үш бөлмелі үлкен пәтердің негізгі коммуналдық қызметтерінің құны бір жалақының шамамен 11 пайызын құрайды. 

Салыстырмалы түрде Беларусьте бұл көрсеткіш айына 56,9 доллар, Ресейде 131,8 долларды құрайды. тек Өзбекстанның көрсеткіштері 36,8 доллармен Қазақстанға қарағанда біршама төмен. Ал рейтинг талдаушылары қарастырған ТМД елдерінің ішіндегі ең қымбаты коммуналдық қызметтердің стандартты пакеті Молдова тұрғындарына 132,3 доллар тұрады.

Дегенмен, кез келген елде тұратын азаматтар үшін ең маңыздысы коммуналдық төлемнің құны емес, бұл соманың әрбір адамның әмиянына әкелетін қысымы. Ал осы параметр бойынша Қазақстанның көрсеткіштері ТМД бойынша ең оңды болып табылады. Сонымен, 85 шаршы метрді құрайтын бір пәтердің ай сайынғы коммуналдық қызметтерінің құны Қазақстанда бір жалақының 11,3%-ын ғана құрайды. Әдетте мұндай аудандағы екі-үш бөлмелі пәтерде тұратын отбасында екі адам табыс табады. Сонда екі жалақыдан тұратын мұндай отбасылық бюджетке орташа жүктеме небәрі 5,7% құрайды.



Анықтама бойынша рейтингте қарастырылған 106 елдің ішіндегі ең қымбат коммуналдық төлем 255,4 доллармен Эстонияда тіркелген. Бұл елдегі орташа таза жалақының 20,6 пайызын құрайды.

Бағаның өсуінің жалпы фонында елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық төлемдер құны төмендеген. Осылайша, ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда "коммуналдық" алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,3%-ға арзандаған. Ал тікелей реттелетін коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, кәріз, электр энергиясы, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау) бағасы бірден 0,5%-ға төмендеген. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бағаны ұстау шараларын қабылдады және 103 монополия субъектісінің тарифтерін 2021 жылдың желтоқсан айындағы деңгейге келтірді. Мораторий кезеңінде қазақстандықтар шамамен 3,2 млрд теңге үнемдеген.

Талқылау