Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы көтеріледі
1 қыркүйектен бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын колледж студенттерінің шәкіртақысы 21 787-ден 32 681 теңгеге өседі. Орта буын мамандарын даярлайтын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер шәкіртақысы 20 948-ден 31 422-ге өседі. Стипендияны ұлғайту бойынша бюджет қаражатын республикалық бюджет комиссиясы қолдады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі