Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлікті сақтандыру жеңілдеп, техникалық байқаудан өткізуі қиындай түсті

Қазақстанда көлікті сақтандыру жеңілдеді. Енді, жүргізушілер аталмыш қағазды онлайн түрде ала алады. Бұл өз кезегінде қағазбастылықты жоймақ. Керісінше, көліктердің техникалық байқаудан өтуі қиындай түсті.

osago-700x352

Енді, еліміздің темір тұлпарлары автоматтандырылған жүйеден өтеді. Егер, бұрындары аталмыш бекеттердегі мамандар стандарттарға сай сандарды өздері бағалап, жазатын болса, жаңа жүйеде ол жұмыстар компьютер арқылы жасалады, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Жақында, алкотесттің нормасын 0,3 пен 0,5-ке көтеру ұсынылған еді. Аталған жаңашылдықтарды жүргізушілер қалай қабылдап жатыр? Қазақстанның автобизнес қауымдастығының өкілі Айжан Имашева ханымды бүгін студиямызға арнайы шақырдық ? Айжан Дәнішқызы жауап береді. Сақтандырудың онлайн түрге ауысуы жүргізушілерге тиімді болған шығар?

-Меніңше, бұл бағдарламаның тек қана жақсы жақтарын көріп тұрмын. Себебі, бұл жүргізушілердің өмірін жеңілдетеді деп ойлаймын, ең бастысы уақыт үнемдейді. Жүргізушілерге кеңселерді аралап уақытын құртудың қажеті жоқ. Барлығын онлайн түрде жұмыста немес үйінде отырып-ақ жасаса болады. Сол себепті жақсы бағдарлама деп ойлаймын.

-Онлайн сақтандыруды алған, тіркелген қазіргі уақытта сандар бар ма?

-Енді ондай бағдарламалар енді еңгізіліп жатқандықтан әлі айту қиын.

-Ал, алкотесттің промилін 0,5-ке дейін көтерілуіне не дейсіз?

-Бұл заң өте қатты әсерін тигізеді деп ойламаймын, себебі Германияда бұл көрсеткіш 0,5 промилеге тең, ал Канада мен Америкада 0,8 пайыз промилеге тең. 0,3 ол адамның психикасына, іс әрекетіне қатты зиян келтірмейді, 0,3 ол екі стакан қымызбен бірдей екен сол үшін ол қатты әсерін тигізеді деп ойламаймын.

-Түсінікті. Ал, техбайқаудың автоматтандырылғаны көлік тізгіншілеріне қалай әсер етіп жатыр. Елімізде 25-30 жыл болған көліктер аталмыш тексеруден қалай өтеді?

-Бұл жерде ең басты мәселе жасы үлкен автокөліктерге ремонт жасау құны қымбатқа түседі жүргізушілерге. Бірақта бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік бағдарлама бар. Сіз көлігіңізді утилизация бағдарламасы бойынша өткізуіңізге болады, ал қаражатқа жаңа машина сатып алуыңызға болады. 3 жылға дейін автокөліктер техосмотрдан мүлде өтпейді, сол себепті осы бағдарлама бойынша алса тиімді болады деп ойлаймын. Көлік жүріп тұрса, орнынан қозғалып тұрса, бағдарламаға енуге болады.

Тағы да оқыңыз:

Америкалық лингвист Джонатан Вашингтон: Баламның есімі Төле бидің ұлымен аттас

Дидар Аяпов: Піріміздің аяғын сүйді дегендер санасы төмендер, тәрбие көрмегендер (видео)

Ақтөбе облысында 70-тен асқан әжей бір елді мекенде жалғыз өзі тұрады

Талқылау