Қазақстанда көліктерді техникалық тексерістен өткізу ережелері өзгерді
Қазақстанда техникалық тексерісті ұйымдастыру және өткізу ережелері өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Енді техникалық тексеріс операторлары өз қызметін екінші санаттағы рұқсатты алған күннен бастап бастай алады. Бұған дейін бұл процесс рұқсат туралы хабарлама берілген күннен бастап жүзеге асырылатын.
Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің (ТБЖ) операторы, көлік құралында пайдалануға тыйым салынған ақаулар анықталса, диагностикалық картаның күшін жояды.
Көлік құралдарының міндетті техникалық тексеру мерзімі олардың санатына байланысты белгіленеді.
Қазақстанда бензин бағасының өсуі: Көліктерді газға көшіру қаншалықты тиімді
Шығарылған жылын қоса есептегенде, 7 жылдан асқан, бірақ кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмайтын М1 санатындағы көліктер, сондай-ақ шығарылған жылын қоса есептегенде, 1 жылдан асқан N1-3, О1-4, L1-7 санатындағы көліктер әр 12 ай сайын техникалық тексеруден өтеді.
Ал кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын М1 санатындағы көліктер, жолаушылар тасымалдауға арналған М2, М3, N санатындағы көліктер және қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған немесе арнайы жабдықталған М1, N1-3, О1-4 санатындағы көліктер әр 6 ай сайын техникалық тексеруден өтуі тиіс.
Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы №38 бұйрығына сәйкес енгізіліп, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енеді.