Қазақстанда автокөліктер саны 1 жылда 12% артқан: Олардың жартысына жуығы шығарылғанына 20 жылдан асқан көліктер
1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 5,5 миллион көлік тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 12,3% артық. Оның 4,8 миллионы – жеңіл автокөліктер, 540,8 мыңы – жүк көлігі, 114,1 мыңы – автобустар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ең көп көлік Алматыда тіркелген, 635,6 мың көлік бар, жыл сайынғы өсім – 11,7%. Сондай-ақ Алматы облысы (592,8 мың), Астана (399,2 мың), Қарағанды (352,1 мың) және Шығыс Қазақстан (332,9 мың) облыстары да көш бастады. Ең аз көлік Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында тіркелген.
Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік нөмірі тіркелген көліктер саны 9,4% азайып, 157,3 мың болды. Ал нақты өңір бойынша тіркелмеген көліктер саны 13% немесе 294,4 мыңға дейін өсті.
Қазақстандықтар қозғалтқышы 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі көліктерді жиі пайдаланған. Осындай автомобильдердің үлесі – 39,1% немесе 2,1 миллион, олардың саны бір жылда 9,8% өсті.
Қозғалтқыш көлемі 1500 текше метрге дейінгі автокөліктер саны – 913,3 мың, 2000-нан 2500 текше метрге дейін – 868,1 мың, 2500-ден 4000 текше метрге дейін – 775,7 мың, 4000 текше метрден астам – 541 мың.
Автомобильдердің басым бөлігі бензинмен жүреді. Яғни 81,9% немесе 4,5 миллионы бензин құяды. Аралас отынмен жүретін көліктер саны 10,3% көбейіп, 411,8 мың болған. Дизельдік отынмен жүретіндер 10,1% (390,3 мың), газ баллондарымен – 28% (13,4 мың), тоқпен жүретін бірден 2,9 есеге өсті.
Қолданғанына 20 жылдан асқан автокөліктер саны 2,5 миллионға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,9% артық. 10-нан 20 жылға дейінгілер – 1,3 миллион.
- Қолданғанына 3 жыл болмаған жаңа көліктер – 335,2 мың;,
- 3-тен 7 жылға дейін – 670,2 мың;
- 7-ден 10 жылға дейін – 666,5 мың.
1 шілдедегі жағдай бойынша 100 адамға 22,8 көліктен келеді. Бір жыл бұрын 18,4 көліктен келетін. Шығыс Қазақстан облысында 100 адамға 39,1 автокөліктен, Алматы облысында – 33,8, Қарағандыда – 26,8 және Солтүстік Қазақстанда – 26,3.