Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көліктер соңғы бір жылда күрт қымбаттап кеткен

Қазақстанда жеңіл автокөлік қымбаттады pixabay

Фото: pixabay.com

Биыл маусымда Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір жылда 11,6%-ға өскен. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі DataHub порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметіне сенсек, ЕАЭО бойынша орташа өсім небәрі 2,2% болған. Мысалы, Армения мен Беларусьта жеңіл көліктер бір жыл ішінде арзандаған. Қырғызстанда баға небәрі 0,2%-ға өскен, ал Ресейде 1,4%-ға көтерілген. Ал жартыжылдық көрсеткіштерге (қаңтар-маусым айларын өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда) келсек, көліктер тек Қазақстанда 9,3%-ға және Ресейде 2,8%-ға қымбаттаған.

Бұл ретте Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының егжей-тегжейлі мәліметтері жаңа көліктердің қымбаттауы негізгі себеп екенін көрсетеді. Жаңа автокөліктердің бағасы маусым қорытындысы бойынша бір жылда 21,3%-ға өскен. Ал пайдаланылған көліктер, ресми деректерге сәйкес, керісінше арзандаған.

Қазақстанда көліктер қымбаттағанФото: Еуразиялық экономикалық комиссиясы

Айта кетейік, Қазақстанда автокөліктер ғана емес, жалпы алғанда, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет түрлерінің де бағасы ЕАЭО елдерімен салыстырғанда ең жоғары қарқынмен өскен. Ал азық-түлік бағасы бойынша Қазақстандағы жағдай одақ елдерінің орташа көрсеткішінен біршама жақсы.


Бөліп төлеу арқылы көлік сатпақ болған қазақстандық ақшадан да, көліктен де айырылып қалды


Қазақстандықтың дилерлік орталыққа апарған көлігін қызметкерлер айдап кетіп, соғып тастаған


Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қозғалтқыш көлемі үлкен және ескі көліктерге салынатын салық едәуір азаяды. Жаңа Салық кодексіне сәйкес 3-4 литрлік көліктерге салық 4 есеге дейін төмендейді. Сондай-ақ жасы 11 жылдан асқан көліктерге 30-50% жеңілдік қарастырылған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 15:35
Талқылау
`