Қазақстанда "қызыл" аймақта тек бір ғана өңір қалды
Қарағанды облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2021 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес:
"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды.
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Талқылау