Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "қызыл" аймақта бірде-бір облыс қалған жоқ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 5 қаңтарда жариялаған елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бірде-бір облысы "қызыл" аймаққа кірмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

матрица

Жаңартылған ақпарат бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары әлі "сары" аймақта тұр. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасыпты. Сонымен қатар, Қазақстан аумағы да "жасыл" аймақта екені көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан "жасыл" аймақта екенін айтқан еді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 05 Қаңтар, 2021 11:06
Талқылау