Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қызыл аймаққа кірген өңірлер толығымен жабылады

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова елдің үш аймаққа бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

Есмағамбетова елде қызыл аймақтардың жоқ екенін жеткізді. Қызық аймаққа кірген өңірлер толығымен карантинге жабылатын болады.

"Қазақстанның барлық аймақтары 3-ке бөлінеді. Қызыл, сары және жасыл. Аймақтардың бөлінуі 2 индикатормен байланысты. R индикаторы ауру адаммен байланыста болған адамға инфекцияның жұғуы және халықтың соңғы 7 күніндегі 100 мың адамға шаққандағы ауру деңгейі. Қызыл аймаққа халықтың 100 мың тұрғынына шаққанда 50-ден жоғары және R көрсеткіші 1-ден асатын аймақтар кіреді. Сары аймаққа - халықтың 100 мыңына шаққанда 20-дан 50-ге дейін және R индикаторы 1-ден асады. Жасыл аймаққа - 50-ден төмен және R көрсеткіші 1-ден аз. Бүгінгі күні барлық аймақтар жасыл аймақта, қызыл аймақтар жоқ, Шығыс Қазақстан облысы сары аймақта", - дейді Есмағамбетова.

Осылайша, сары аймаққа кірген бір ғана облыс бар екені белгілі болды.

Талқылау