Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кітапханашылардың мәртебесі артады

Қазақстанда ұлттың сауаттын арттыру үшін "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы жүзеге асырылады. Оның аясында кітапханашылардың мәртебесі де артады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастаманы көтердік", - деп жазды Facebook-те министр.

Сонымен қатар Асхат Айтмағамбетов алдағы уақытта кітапханаларды цифрландыру жоспарланып жатқанын атап өтті.

"Осыған байланысты, көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бар. Олардың авторларымен бірігіп жұмыс істемекпіз. Сондай-ақ, біз геймификация элементтерін қолдануды жоспарлап отырмыз", - деді БҒМ басшысы.

Бұған дейін министр ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет екенін айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр