AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қырыққабат бағасы 7 есеге қымбаттаған

Елімізде орамжапырақ қымбаттап жатыр. Былтыр ғана келісі 100-150 теңге тұрған көкөніс биыл 750 теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мұны маусымаралық кезеңмен байланыстырып отыр. Шенеуніктер алдағы бір-екі аптада қазақстандықтардың арзан көкөніс жейтінін қуана хабарлады.

Алайда ерте шығатын орамжапырақты жинап жатқан шаруаларды ішкі нарықтан гөрі, сырттың сұранысы қызықтырады. Тұрмыста картоп, сәбіз, пиязды көп қолданамыз. Бағасының өскеніне амалдың жоғынан көніп келеміз. Енді қымбат көкөніс қатарына орамжапырақ та қосылды. Біз елордадағы көкөніс дүңгіршектерін аралап көрдік. Орамжапырақтың ең қымбаты – 750, ең арзаны 450 теңге екен.

Екатерина Нұрымбетова әр саудасында орамжапырақ алмай кетпейді. 65 мың теңге зейнетақысын елордалық зейнеткер бар шығынына жұмсауға тырысады. Бірақ соңғы кезі ақшасы жетпей жүр. Бір аптада бір рет азық-түлік сатып алатын ол дүкенге 15 мың теңге беріп кетеді. Қымбатшылыққа еті үйренген.

“Қымбат болса да аламыз. Ассу күнделікті керек. Бәрі "доллар, доллар" дейді. Бәрі өзімізде өседі. Оған доллардың қатты әсері жоқ шығар. Көкелер халықтың жағдайын ойлайтын шығар. Халық енді көп ақша алып жатқан жоқ. Жалақасы жоғары емес. Зейнетақымыз аз”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Екатерина Нұрымбетова.

Жұрт тұрғын үй аулаларындағы дүңгіршіктегі баға базар, супермаркеттен гөрі арзанырақ дейді. Мәселен, көтерме бағамен алынған орамжапыраққа даладағы сатушылар 40-50 теңге, үлкен сауда желілері 100 теңгеге дейін қосады. Сөйтіп қырыққабат бағасы 750 теңгеге дейін барады. Алыпсатарлар бағадан  шошыған халықтан ұрыс көп естіп жүр.

“Кейде ұрсысып кетеді. Кейде жағдайды түсінеді. Біз мына жерде төрт жылдан бері істейміз. Бәрімен араласамыз. Жағдайды айтамыз ұқтырып. Бірге-бір қоспайсың ғой, 30-40 теңге. Былтырға қарағанда бар тауар екі есе қымбат. Қазір арзаны жоқ”, – дейді көкөніс дүкенінің иесі Жанболат Сатошов.

Орамжапырақтың қымбаттағанын тек елордалықтар ғана емес, Қарағанды жұрты да сезініп жүр.

“Былтыр орамжапырақ 350 теңгеден болды. Биыл 550. Қымбаттап кетті. Көтерме бағасы да қымбат. Арзандатып бер деп сұрасаң, айқай салады”, –дейді саудагер Әлия Қозыбаева.

Ақтауда кәсіпкерлер қырықабатты арзан сатудың басқа жолын тауыпты. Мәселен, көтерме саудамен айналысатын Шадияр 100 тонна қырыққабат пен 100 тонна пиязды Түркіменстаннан әкелген. Нұр-Сұлтанмен салыстырғанда қырыққабат мұнда екі есе арзан. 

“Орамжапырақ 100 тонна, Түркменстаннан әкелінген. Бағасы 200 теңге. Тағы алдыртып жатырмыз. 50 тонна жолда келе жатыр. Екі түрлі жуамыз бар. Біреуі Тараз, ол 75-тен, ал екінші түрі Ираннан әкелінді. 180 теңгеден сатып жатырмыз. Біздің облыста қырыққабат жеткілікті, 1-1,5 ай арасы. Үстіне баға қоспаймыз, қалай бар, солай сатамыз”, – дейді кәсіпкер Шадияр Мақсым.

Пандемия кезінде көп өнім егіп, оның біразы далада қалғанда шаруалардың аузы күйіп қалғаны есте. Осыдан кейін олар қырыққабатты аз екті, ішкі нарық сәйкесінше тарығып қалды.

Ресей тарапынан сұраныстың жоғары болуы бағасын шарықтатты дейді шенеуніктер. Сондай-ақ маусымаралық кезеңнің де әсері бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қымбаттаған орамжапырақтың бағасына бас қатырып отырған жоқ. Олар Түркістан облысында ерте шығатын қырыққабаттың дүкен сөрелеріне жеткенде арзандайтынына сенімді. 

“Шамамен, 170 мың тонна қырыққабат жиналады деген жоспар бар. Мұның бәрі өзімізге де, экспортқа шығаруға да жеткілікті. Әкімдіктер фермерлермен ерте пісетін қырыққабаттың 3,5 тоннасын жеткізу бойынша келісімшарт жасады. Иә, бағаның өскені байқалады. Бірақ осы аптаның ішінде жаңа өнім нарыққа түскеннен кейін қырыққабат бағасы тұрақталады”, – дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Назгүл Хатепова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр