Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық жасалатыны белгілі болды

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті рақымшылық жасау актісі қолданылатын адамдар тобын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Парламенті мәжілісінің депутаттары “ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасын қарауға кірісті.

Қарастырылып отырған құжатта алғаш рет “әлеуметтік жағынан осал адамдар” ұғымы енгізілді. Заң жобасында қылмыстық теріс қылық жасаған және залал келтіруге әкеп соқпаған, не оны толық өтеген азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін онша ауыр емес, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған сотталғандарды жазадан босату ұсынылады.



Сондай-ақ заң жобасында қарастырылған адамдар үшін негізгі жазаның мерзімі мен мөлшері қысқартылады. Аталған топтағы адамдар тобын қарау кезінде қалған залалды толық өтеуі, сондай-ақ осы заң қолданысқа енгізілген күні жазасын өтеуге бір жылдан аспайтын уақыт теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы ескеріледі.

Өз кезегінде, заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың еңбекке қабілетті адамдарды жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етуде, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққандарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуде шаралар қабылдауын көздейді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына рақымшылық жасау кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасағандарға, жемқорларға, адам өлтіргендер мен экстремистерге, қылмыстық топтардың бұрынғы қатысушыларына қатысты қолданылмайды.​

ҚАЖ комитетінде 30 жыл ішінде Қазақстанда 8 рақымшылық жасалғанын, соңғы төрт рақымшылық Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күндеріне орайластырылғанын атап өтті.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Қыркүйек, 2021 10:42
Талқылау