Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Beeline мен Tele2 байланыс операторларының қызметкерлері алаяқтарға қазақстандықтарды алдауға көмектескен

Қазақстанда қайтыс болған адамдардың атына микронесиелер рәсімделген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Бұл туралы бас прокуратураның үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. "Beeline", "Tele2" ұялы байланыс операторлары мен олардың дистрибьюторларының қызметкерлеріне қатысты төрт іс қозғалды.

"Оларға Батыс Қазақстан облысында екі, Қарағанды мен Алматы қалаларында бір-бірден Қылмыстық кодекстің 211-бабы “Шектеулі қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату” және 254-бабы “Міндеттерге адал қарамау" бойынша айып тағылды. Олар алаяқтарға мыңдаған SIM-карталарды тіркеуге көмектескен, бұл карталар азаматтарды алдау мақсатында пайдаланылған", – деп мәлімдеді бас прокуратура өкілдері.

Сонымен қатар прокуратураның мәліметінше, қайтыс болған адамдардың атына немесе биометриядан өтпей-ақ микронесиелер рәсімделген жағдайлар кездескен. Сонымен қатар, елімізде мүлдем болмаған шетел азаматтарының атына да несиелер берілген. Осындай жолмен ашылған банктік шоттар арқылы көптеген алаяқтық операциялар жасалған.  


"Танысымның қарызы үшін коллекторлар мені мазалайды": Бөтен адамның несиесі бойынша сізге қоңырау шалса, не істеу керек?


"Мысалы, Ақтөбе облысында "Кредит 365 Қазақстан" және  "Авто Сыйлық" микрокаржылық ұйымдары азаматтың биометриясынсыз-ақ микронесие рәсімдеген. Алайда ол азамат 2023 жылдың шілде айында қайтыс болған",– делінген ақпаратта.

Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейлі банктің екі қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Олар Қазақстанға ешқашан келіп көрмеген Украина азаматының атына шот ашқан. Осы шотқа алаяқтардың құрбандары жинақтарын аударған. Залал көлемі 1 миллион теңгені құрады. Бүгінгі таңда банк қызметкерлері өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша күдікті деп танылды.

Қылмыстық кодекстің 211-бабына сәйкес, жеке деректерді немесе басқа да шектеулі ақпаратты заңсыз таратқаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар (180 сағатқа дейін), қамау (50 тәулікке дейін), сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға дейін айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес, компания қызметкерлерінің міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан ауыр зардаптар туындаса, олар бостандықты 5 жылға дейін шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға дейін айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ Beeline компаниясы қазіргі уақытта олардың қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ екенін мәлімдеді.

"Біз істің мән-жайын анықтау үшін прокуратураға сұрау жібердік. Beeline компаниясы заң аясында жұмыс істейді және кез келген заң бұзушылыққа қарсы. Егер іс бойынша ақпарат расталса, компания тергеуге қажетті көмекті көрсетуге дайын", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Еске салсақ, қазақстандықтардың өздерін Болашақ пен ҰҚҚ қызметкері ретінде таныстырған алаяқтарға алданып жатқаны туралы жазғанбыз.

Талқылау